Салық есептілігін ұсынбау – әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады

23

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары жеке кәсіпкерлерді, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, адвокаттар, сот орындаушылары, жеке нотариустардысалық есептіліктерін мерзімінде тапсыруға шақырады. Сеебебі, айтулы құжатты дер кезінде тапсырмау заңда қарастылыған әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары ҚР Салық Кодексінің 208 бабының 1 тармағына сәйкес, салық төлеушілер салық есептіліктері мен салық өтініштерді салық органдарына белгіленген тәртіпте және уақытында тапсыруы тиіс екенін ескертеді. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің тіркелген жері бойынша Салықтық режиміне және Қосылған құн салығы төлеушілері болып тіркелген жағдайда, міндетті түрде салықтық есептіліктер ұсынуқажет.

САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ

СЕН 300.00,200.00           1 тоқсан 15 мамырға дейін
2 тоқсан 15 тамызға дейін
3 тоқсан 15 қарашаға дейін
4 тоқсан 15 ақпанға дейін

СЕН 100.00,220.00       есепті жыл біткен соң 31 наурызға дейін
СЕН 910.00                  1-жарты жылдық біткен соң 15 тамызға дейін
2-жарты жылдық біткен соң 15 ақпанға дейін

Басқарманың Салықтық әкімшілендіру бөлімінің мамандары салықтық есептілік мерзімінде ұсынылмаған жағдайда, ҚР ЭҚБтК-нің 272 бабында қарастылыған әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын хабардар етеді.

Элмира Тастанова, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы Салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы: «Аталған Кодекстің 272 бабында 2 тармағы бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс әрекет- жеке тұлғаларға 15 АЕК, яғни 55 380 теңге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттар, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК мөлшерінде, яғни 110760 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады»

Ал орта кәсіпкерлік субъектілеріне-45 АЕК,ол 166140 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 70, яғни 258 440 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Бүгінде Шымкент қаласында экономикалық даму бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Салық түсімі экономиканы дамытудың бір бөлігі болып табылмақ.