«Оңтүстік» экономикалық аймағы айыппұл төледі

134

«Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ 15 млн. теңгеден астам айыппұл төлейді. Табиғи монополияларды реттеу комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басқарушы компанияны табиғи монополиялар туралы заң талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Экономикалық аймақ өкілдері Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағым түсірді. Бірақ сот оны қанағаттандырмады. Шымкент қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалды.

Дархан Қайынбердиев, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы: «Талдау жұмыстары барысында бізбен бекітілмеген тарифпен жұмыс істегені анықталды. Кәріз жүйесі бойынша. Қарау барысында 159 млн. теңге алған екен. Соның негізінде 15 394 949 теңге айыппұл салынды».

Мақпал РЫСБЕАВА