Түлкібас: 3 білім мекемесі күрделі жөндеуден өтті

135

Түлкібаста «Жұмыспен қамту жол картасы» арқылы 133 азамат мектептің құрылыс жұмыстарына тартылды. Оның 70-і аудан тұрғындары. Нәтижесінде, карантин режимі кезінде уақытша жұмыссыз қалған аудан тұрғындары уақытша болсын жұмыспен қамтылды.

Айта кетейік, Түлкібас ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жалпы 6 жоба іске асырылуда. Атап айтсақ, күрделі жөндеуден 3 мектеп өтсе, қалған үшеуі инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытында.

Аудандағы А.Байтұрсынов, Г.Титов және М.Ломоносов мектептерінің қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 100 % аяқталып отыр. Аталған білім ұяларында ғимараттың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары осы жылдың мамыр айында бастау алған. Бұдан бөлек, электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңартылды. Сонымен қатар, кәріз бен желдеткіш жүйелері ауыстырылды. Жаңа жылу жүйесін де орнатылған.