Түлкібастықтар биыл алмадан рекордтық өнім жинамақ

463

Алма бауларымен әйгілі Түлкібас ауданы бағбандары биыл рекордық өнім-30 мың тонна алма жинамақ.

Келешекте 2,5 мың га қарқынды бау аумағын 3 300 га  жеткізу жоспарлануда. Бүгінде Түркістан облысынан өзге көрші және Солтүстік аймақтарын жеміспен қамтыған түлкібастықтар болашақта дәмді алмаларын шетелге экспорттауды көздеуде.

Жиын терім басталғалы «Кентау» серіктестігінде жұмыс қарқын алған. Түлікбас ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі маусымды жұмысқа 100-ден аса  ауылдағы ағайынды тартқан.

Ақ биік ауылынан қатынап істейтін 3 баланың анасы Құлқанат Ибраева алманы сұрыптаумен айналысуда: «Мына жабдықта алманың түрі сұрыпталынып, бізге келіп түседі. Оны біз қорапшаларға  саламыз. Жұмыс болғаны жақсы болды. Менің үш балам бар. Ауылға жеткізетін көлік бар. Айлығымызды да мерзімінде алып отырмыз».

Сыйымдылығы 2 мың тонна қоймада биылғы өнім келесі жылға дейін үзілген бойында сақталады. Жалпы алма бауы көлемі 231 гектарды құрайтын шаруашылықтың 188 гектары қарқынды бау. Мұнда «Гала фуджи», «Голден делишес», «Стар Кримсон» «Легалина» алманың 12 түрі, жалпы жемістің 20 түрі өсіріледі.

Табиғаты қарқынды бау егуге қолайлы өлкеде бүгінде алма бауының  көлемі 2 жарым мың гектар. Шаруашылықтар бұл көрсеткішті 3300 гектарга жеткізу бағытында еңбек етуде. Өнімді сақтайтын қоймалар да жеткілікті. Түлкібастықтар 2018 жылы рекордық өнім 25 мың тоннадан астам алма жинаған болатын, биыл сол көрсеткішті қайталамақ.
«Ауа райы биыл қолайлы болды. Алманың салымы да жақсы болды. Ағымдағы  жылы 30 мың тонна алма жинап, рекордық көрсеткішке қол жеткізбекпіз»-дейді» Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының сектор меңгерушісі Абылай Төлепбергенов.

Түлкібастықтар болашақта алманың апорт сұрыпын егуді жүйеге қоймақ. Есесіне, қарқынды баумен айналысатын шаруашылықтарға үкімет тарапынан субсидия бөлінеді. Бағбанның көшеттерге кеткен шығынының 50 пайызын мемлекет өз есебінен төлейді. Сондықтан болар, ауылдағы азаматтар білек сыбана бау егуге бет бұрып, кәсіпкерлікті дамытуда.

Шынар Оразова