Коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантиндік шараларға қарамастан, Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Шаһардың 1 млн. шаршы метрден астам аумағында 14 224 пәтерлі 262 көпқабатты үй құрылысы жүріп жатыр. Жеке салушылардың есебінен 6 147 пәтерлі 1269 көпқабатты үй салынуда. Жыл соңына дейін 911 пәтерлі 19 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көзделуде. Бюджет есебінен алаңы 489 000 шаршы метрді құрайтын 8077 пәтерлі 136 көпқабатты тұрғын үй салынуда.
Шынар Оразова