Түркістандағы жаңа әуежай пайдалануға берілді

100

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістандағы жаңа халықаралық әуежайдың ашылуына қатысты.

Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған.

Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жаңа әуежай құрылысының жобасы қазіргі Түркістандағы ірі құрылыс жұмыстарының ішіндегі ауқымды жоба болып табылады. Түркістанның жаңа әуе айлағы өңірдегі туризмнің дамуына қуатты серпін беріп, азаматтардың авиатасымалдау қызметтеріне деген қажеттілігінің орнын толтырды.
Жобаны іске асыру үшін шетелдік инвестициялар тартылды.Ал құрылысы рекордтық мерзімде аяқталды.
Жаңа халықаралық әуежайдан бірінші кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар Нұр-сұлтан мен Алматыға рейстер ашады, ал кейіннен елдің басқа өңірлеріне рейстер жоспарланған.
Сондай-ақ, бірінші кезеңде Turkish Airlines авиакомпаниясы Стамбулға рейстер ашуды жоспарлап отыр.
Әуежай шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылады, бұл оны ұшу географиясын кеңейту үшін тартымды етеді және шетелдік туристер ағынын тартуға ықпалын тигізбек.