«Әзірет-Сұлтан» тарихи-мәдени қорық музейі аумағын қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстарын 4 кезеңмен жүргізу жоспарланған болса, соның бірі — «Этно ауыл» жобасы.
Түркістан қаласындағы Этникалық қалашық арқылы келушілер байырғы кездегі атмосфераны көре және сезіне алады. Этно ауылда — қолөнер шеберханасы, шығыс базары, дәстүрлі тағамдар аймағы, ұлттық ойындар, мерекелік қойылымдар алаңы, атқа арналған алаң болады.
Этно ауылдың дизайн жобасы — аумақты жарықтандыруды, орындықтар мен көлеңкелі тенттерді, навигациялық және ақпараттық стендтер, мүсін, ұлттық киіз үйлерді, ағаштарды, бұталарды және дала шөптерін отырғызуды қарастырған.
Қазіргі таңда жобаның 95 пайызы аяқталған. Яғни, 10 киіз үй орнатылып, қолөнер туындылары шеберлер бөлмесінде қойылған. Айта кетерлігі, аумақта қазақтың ұлттық әндері үнемі ойнап тұрады. Жалпы, Этно ауыл жобасы тұрғындар мен туристер үшін өткен ғасырдан сыр шертер, теңдессіз орынға айналмақ.