«Жемқорлық індет. Оны жою міндет» санайтын мемлекеттік қызметкерлер бүгінде түрлі мекемелерде жиындар өткізуде. Мойынға алған міндеттің жүгі де ауыр. Бүгінгі қоғамда жегі құрттай жайлап алған жемқорлықтың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері киелі өңірде тұрғындар арасында адалдық, әділдік құндылықтарын дәріптеуді жолға қойған.
Бүгін игі мақсатқа құрылған кезекті кездесу облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаевтың қатысуымен Сарыағаш ауданында өткізіліп, аудандық кірістер, ішкі істер қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, сондай-ақ аудандық Штаб мүшелеріне парасатты қоғамды қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Е.Тұңғышбаев, облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы: «Агенттіктің бастамасымен халықпен сындарлы сұхбат құру және адалдық және тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында құрылған Штабтың негізгі бағыттарын ортаға салып, көлеңкелі қылмыстың жолын кесу — әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндеті болып табылады».
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлықты жұмылған жұдырықтай бірлесе шешу жолдары жайы талқыланды. Сонымен қатар, тұрғындардың тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.