COVID-19 ПАЙДА БОЛҒАЛЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАНЖАЛ МЕН СУИЦИД КӨБЕЙІП КЕТКЕН

387
Parental divorce is a strong psychological impact on the child.

Қазақстан тұрғындары карантин кезінде психолог пен психиатр көмегіне жиі жүгіне бастады. Республиканың жүйке жүйесі ауруларының бас дәрігері осылай деп мәлімдеді.

Николай Негайдың сөзінше, осы кезеңде елдің ұйқысы бұзылған. Ал, бұл жүйкенің сыр беруінің алғашқы белгісі екен. Дәрігердің айтуынша, ұйқының бұзылуы әдетте болашақты уайымдаудан пайда болады.

Николай Негай, ҚР ДСМ республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры: «covid-19.mentalcenter.kz Сайты екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, білім беру. Онда қандай да болмасын бұзылуларды, мазасыздықты, ұйқының бұзылуын қалай реттеуге болатынын, яғни пандемия кезінде стрессті басқару жолдарын біле аласыз. Қазіргі кезде 40 мыңнан астам адам осы сайтқа кіріп, 100 мыңнан астам адам тиісті сессиялар өткізген. Екінші бөлім – тиісті жеке көмек. Онда өзіңізді қызықтырған сұрақты қойып, жазбаша түрде жауап алуға болады. Сондай-ақ 350 адам online-кеңес алған».

Бұдан бөлек, дәрігер әлем халқының коронавирусты мойындамауы жайлы мәлімдеді. Жұрттың жүйкесі қатерлі дертті қабылдағысы келмегеннен жағдайдың қайғыға ұласқанын да айтады. Кесірінен көпшілік стресске түсіп, отбасындағы ұрыс пен суицид те көбейген.

Николай Негай, ҚР ДСМ республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры: «Біз жалпы практика дәрігерлеріне, терапевтерге және педиатрларға физикалық аурулармен қатар болатын психикалық бұзылуларды анықтау бойынша ерекше құзыреттер береміз. Мысалы, жүрек немесе асқазан-ішек жолдарының іс жүзінде 80-90%-ы мазасыздық, көңіл-күйдің төмендеуі, ұйқының бұзылуымен қатар жүруі мүмкін. Дәрігерлер оны анықтап, емдеуі керек. Егер олар оны емдемесе, ал бұл жиі орын алатын жайт, онда олар соматикалық ауруларды асқындырып, адамның жағдайы нашарлайды».

Бұдан бөлек, психикалық орталықтың бас дәрігері психиатрға дер кезінде жүгенбеуден жасөспірімдер арасындағы суицидтің көбейгенін айтады. Және ата-ана мен бала арасындағы дауды арнайы дәрігерге барып шешуге кеңес берді.

Айта кетейік, заң бойынша биылдан бастап 16 жасқа толған балаларға ата-ана рұқсатынсыз психиатрға баруға рұқсат берілген.

Назерке Үкібасова