Елбасының «Ауыл-ел бесігі» жобасы өңіріміздегі шалғай ауылдарда жүзеге асырылуда.
Сарыағаш ауданы Сейдақбар ұста көшесіндегі Кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген жол тегістеліп, асфальт төселуде. 2 шақырымды құрайтын көше жолын мердігерлер бір-екі күнде толығымен пайдалануға тапсырамыз деп отыр.
Жартытбе ауылдық округіндегі 5 елдімекенде, жалпы 20 мыңнан астам халық тұрады. Жергілікті билік ауылдағы ағайынның әл-ауқатын жақсарту бағытында Үкімет қабылдаған «Ауыл -ел бесігі» жобасы аясында жоспарлар түзіп, соларды жүзеге асыруда.
Келер жылы Бостандық елдімекеніндегі көше жолдары жөнделетін болады. Әкімнің айтуынша, 7 көшенің 4-уінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Қаржыландыру көзі де қарастырылған. Шалғайдағы ауылдардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға Үкімет тарапынан баса назар бөлінуде. Сондықтан болар, Жартытөбе ауылдық округіндегі елдімекендерде бірде-бір топырақ жол қалмаған.
Шынар Оразова