«Халық қатысатын бюджет»

263

Халық қала келбетінің өзгеруіне өз үлесін қоса алады. Ол үшін ертеңнен бастап Шымкентте open-Shymkent.kz сайты іске қосылмақ.

Порталға тіркелу арқылы тұрғындар өз аумақтарына қажет жобаны ұсынады. Бірақ, олардың ішіне мектеп, балабақша құрылысы кірмейді. Тек тротуар, бордюр, көгалдандыру және спорт алаңшаларын сұрауға мүмкіндік берілген.

Халық жобаны ұсынғаннан кейін оны арнайы комиссия мүшелері талқылайды. Және таңдау түскен жоба қайта сайтқа шығарылып, дауыс беру басталады. Айта кетейік, дауысты қала тұрғындары электронды түрде береді. Осылайша ең көп дауысқа ие болған жобаның құрылысы ендігі жылы басталады.

Тұрғындарға жобаны тапсырып үлгеру үшін екі апта мерзім берілген. Осылай деген экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы биыл Шымкентке бөлінген қаржыны да айта кетті. 2020 жылы қалаға мемлекет есебінен 465 млрд. 54 млн. теңге бөлінген екен.

Назерке Үкібасова