Заңсыз қару сақтау заң талаптарына қайшы екенін білсе де кейбір тұрғындар қолындағы суық қаруын өткізуді ойға да алмайтын сынды.
Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жуырда Кентау қаласының тұрғынын ұстады. Оның үйінен заңсыз сақталған қару табылды.
Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Кентау қалалық полиция басқармасы полицейлері күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде үйінің ауласындағы сарайдан тіркелмеген карабинді, 16 калибрлі екі ұңғылы мылтықты, оқ-дәрілер салынған 4 полиэтилен пакетті тапты.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Күдіктінің қандай мақсатта қару ұстағанын анықтап жатыр.
Тіркелмеген қаруды заңсыз сақтаған азаматтар үшін тағайындалатын жаза мерзімі де аз емес. Ол үшін 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.