Командирін кінәлап келген сарбаз сөзінен айнып шықты

141

Күні кеше 10 жылға сотталған Абылай Балғынбай командиріне қатысты сот отырысында тағы да тың ақпараттармен бөлісті. Бұған дейін командирін қорқытып ақша алды деп айыптаған бұрынғы кіші сержант бүгін тіпті басқаша сөйледі. Айтуынша, оның дәл осылай пікір білдіруіне тергеушілер түрткі болған.

Абылай Балғынбай, жәбірленуші: «Мен өзімді жәбірленуші деп санамаймын. Тергеушілер осы айыптпау актісіне қол қойсаң жазаны жеңілдетеміз деді. 6 жыл болады деді. Мен соған сеніп қалдым. Қайдағы алдап кетті ғой».

Еске сала кетейік, бұған дейінгі сот отырыстарында әскери бөлімнен келген қызметкерлер де Даутовтың қорқытып ақша сұрағанын айтқан еді. Бірінен 10 мың теңге алса, екіншісінен 100 мың теңге сұраған. Осылай деген шенділердің барлығы қызметтен босап қалмау үшін ақша бергенін айтқан болатын. Сөздерінше Ержан Даутов оларды жоғары қызметте отырған ағасымен қорқытқан.

Назерке Үкібасова