Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 55 мемлекеттік орган жұмысын атқаруда. Жалпы тұрғындардың саны 1 млн. 54 мың адамды құраса, жергілікті атқарушы органдардардағы мемлекеттік қызметшілердің саны 688 адам, аумақтық мемлекеттік органдардағы қызметшілердің саны 1239 адамды құрайды. Оның ішінде 10 — саяси, 1927 — әкімшілік.
Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны – 966 (50,1%) адам. Басшы лауазымында – 281 (40,8%) адам. 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметтегі жастардың саны 446(23,2%) адам.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 38,3 жасты құраса, орташа еңбек өтілі 10 жылды құрайды.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары және нысаналы индикаторларына сәйкес мемлекеттік қызметте таза ауысымдылық деңгейі 7% аспауы тиіс.
Осыған орай, жоғарыда көрсетілген Стратегиялық жоспарға сай IІI тоқсандық мәлімет бойынша Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылық деңгейі 3% құрап отыр. 582 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстар жарияланып, 1407 – азамат конкурсқа қатысты, оның ішінен 335 азамат мемлекеттік қызметке тағайындалды.
Ішкі конкурс бойынша 100 мемлекеттік қызметкер меритократия қағидатымен лауазымы жоғарылады. Ал, жалпы конкурстың бір мемлекеттік әкімшілік орнына орта есеппен 5 азамат қатысты.