Шымкент қаласындағы Б.Момышұлы көшесіндегі Жол-көлік колледжінің ғимаратындағы өрт туралы «101» пультіне хабарлама 21 қазанда сағат 10: 37-де келіп түсті.
Келген өрт сөндіру бөлімшелері кабинеттің 2-ші қабатында 15 ш.м. көлемде компьютерлік техника мен жиһаздардың жануы орын алғанын анықтады. Ғимарат 4 қабатты (2 қабаттың алаңы 1504 ш.м.), оқу процесі онлайн форматта жүргізіледі. Өрт сағат 10-56-да ауыздықталып, сағат 11.07-де сөндірілді. Өрт сөндірушілер 3 колледж қызметкерін құтқарды.
Эвакуация барысында №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Роман Письменский жүкті әйелді құтқарды. Әйел жабық бөлмеде болды және өздігінен шыға алмады, өйткені қалың түтіннің салдарынан шығу мүмкін болмады. Роман Письменский әйелді сабырлыққа шақырып, оған газқағарды кигізіп, сыртқа шығарды. Өрт сөндірушінің жедел және сауатты іс-әрекеттері екі адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті.
Өртті сөндіруге Шымкент қ.ТЖ департаменті Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 26 адам және 5 бірлік техника, Полиция департаментінің жеке құрамынан 6 адам және 2 техника жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.