Құс еті мен жұмыртқа сатып аларда сертификат талап ету қажет

336

«Құс тұмауынан қауіптенуге еш негіз жоқ»,- дейді тәжірибелі құсшы. «Шымкентқұс» серіктестігі құс тұмауынан егуді осыдан екі жыл бұрын бастапты.

Жүйеге қойылған вакцинация шараларының нәтижесінде фабрикадағы құс басы аман, есесіне коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында карантин енгізіліп, барлық санитарлық талаптар орындалуда дейді сала маманы.

Әбілқасым Досболов, құс фабрикасының құрылтайшысы: «2018 жылдан бері құстарды егіп келеміз. Ресейден вакцина дозасын алғанбыз. Бүгінде фабрикада 600 мың бас құс бар, 350 қызметкер жұмыс жасауда. Құдай сақтасын, ешқандай құс тұмауы тіркелмеген».

Бүгінде фабриканың өнімдері тек Шымкент пен Түркістан облысында ғана емес, көршілес Жамбыл және Қызылорда облыстары аумағында сатылуда. Тұрғындар құс еті мен жұмыртқа сатып алғанда, міндетті түрде өнімнің сертификатын талап етуі тиіс. Фабрикадан шыққан әрбір өнімге ветеринарлық куәлік беріледі. Сондай-ақ, құс етін де, жұмыртқаны да жақсылап пісірген жөн,- деп кеңес береді құсшы.

Шынар Оразова