Шымкент: Шетелден келген 23 тұрғыннан коронавирус анықталды

146

 

Шымкентте шетелден келген 23 тұрғыннан коронавирус анықталды. Бұл туралы бүгін қаладағы эпидақуал талқыланған брифингте айтылды. Салаға жауаптылардың айтуына қарағанда қауіпті инфекция жұқтырғандар Ресей, Турция елдерінен келген.

Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Ұшып келгендермен байланыста болғандар да тексерулерден өтеді. Бұл міндетті түрде қадағаланады. Бұл аурудың халық арасында таралып кетпеуі үшін жасалып отыр».

Соған қарамастан қалада эпидемиологиялық ақуал тұрақты. ПЦР тестілеудің бағасы Шымкентте де арзандаған. Осыған дейін 11-16 мың теңге жасалатын тестті қазір жергілікті медициналық ұйымдарда 9 мың теңгеге жасауға болады екен. COVID-19 ерте анықталған науқастар арасында өлім-жітім аз тіркеледі дейді мамандары.

Мақпал РЫСБАЕВА