Шымкентте 40 мыңнан астам тұрғын баспанаға мұқтаж

80

Шымкентте 40 мыңнан астам тұрғын баспанаға мұқтаж. Олардың дені мемелекеттік, бюджеттік сала қызметкерлері. Бұл туралы бүгін сала басшысы Ғалымжан Төлепов мәлімдеді.

Биыл пәтер кезегінде тұрғандардың 5 мыңнан астамы автоматты түрде тізімнен шығарылған. Оның түрлі себебі бар дейді жауаптылар. Арнайы тексерулер кезінде баспанаға мұқтаж деп танылған азаматтардың бірінің қалада үш жыл тұрмағаны енді бірінің санатының сәйкес келмеуі анықталған. Басқарма басшысы қазір пәтер кезегін заңсыз жылжыту тіпті мүмкін емес екенін қадап айтты.

Ғалымжан ТӨЛЕПОВ, Шымкент қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы: «Қазір пәтер кезегіне тек егов арқылы, ХҚКО арқылы қабыданады. Кезек заңсыз жылжып кетті деп жүргендерге қатысты айтар болсақ, ол пәтердің бөлмесіне ғана қатысты болуы мүмкін. Кезек электрондық түрде ғана жүзеге асырылады».

Ал қалада 15 мың теңгенің коммуналдық төлеміне 34 мыңнан астам тұрғын өтінім беріпті. Олардың 28 мыңына оң шешім шығырылып, төлемдер төленген. Сала басшысының айтуына қарағанда бұл мақсатқа қаралған қаражат толығымен жұмсалды.

Мақпал Рысбаева