«Түркістан ӘКК» АҚ облыста ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда

362

Жаңадан құрылған Түркістан облысын дамытуға бағытталған тұрақты бизнес құрылым және инвестиция тарту арқылы жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ құрылған болатын. Корпорация бүгінде 4 негізгі бағыт бойынша жұмыс атқаруда.

Ол агроөнеркәсіптік кешен, туризм, құрылыс және қайырымдылық. Ірі ұзақ мерзімді жобалар жайлы БАҚ арнайы ұйымдастырылған брифингте корпорация басшылығы баяндап берді.

Туризм саласында Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы инвестор-серіктеспен бірлесіп «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі аумағында «Қасқасу» тау-кен инфроқұрылымы мен туристік-рекреациялық кешен салу» бойынша өңіріміздегі ең ірі жобалардың бірін жүзеге асыруда.
Айгүл АХМЕДЖАНОВА, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы » АҚ  Басқарма төрайымы: «Жобаның құны 24,5 млрд-тан астам теңгені құрайды. 280 гектар жер телімінде орын тепкен халықаралық деңгейдегі курорт 2025 жылға қарай 5 мыңға жуық туристі қабылдай алатын әлеуметке ие болады деп жоспарлануда. Жоба аясында 2022 жылға қарай 356, 2025 жылға қарай 1500 жуық жұмыс орны пайда болады деп күтілуде. Айта кететін жәйт, бұл жобаны жүзе асыруға жұмсалатын қаражаттың жартысы республикалық бюджеттен қарастырылған».

Шынар Оразова