Түркия Қазақстанда $5,5 млрд. құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр

129

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысы өтті.

Отырыс барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы әуе жолдарының географиясын кеңейту және тұрақты рейстер санын арттыру қажеттілігіне назар аударылды.

Екі ел әріптестігінің стратегиялық сипатына тоқталған ҚР Премьер-Министрі 2021 жылы Қазақстаннан Түркияға экспорт 39%-ға өсіп, шамамен $3 млрд жеткенін, 2021 жылы Түркиядан Қазақстанға импорт 20,5%-ға артып, $1,1 млрд құрағанын атап өтті.

Бүгінгі таңда түрік бизнесі Қазақстанда жалпы құны $5,5 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Шынар Оразова