Түркістан облысы кәсіпкерлік саласы бойынша екінші орында

130

 

Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны биыл 143 мыңға жуықтады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада екінші орында тұр.

Кәсіпкерлік нысандарда 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша облыс бүгінде көш бастап тұр. 400-ден астам әлеуетті жоба қаржыландырылып отыр. Салаға жауаптылар бағдарлама шеңберінде 300-ден астам кәсіпорынның қаржыландырылатынын айтады.

Өңірде бизнес-ақуалды жақсарту үшін әкімшілік кедергілер барынша азайтылып отыр. Аймақтың республика бойынша бизнесті жүргізу жеңілдігінен де көрсеткіші жоғары.

Мақпал РЫСБАЕВА