Бүгін, 6-қазанда Түркістан облысының кейбір жерлерінде жауын-шашын болады. Солтүстік батыстан жел тұрып, екпіні 25 м/сек жетеді.
Өңірдің солтүстігінде үсік болады деген болжам бар. Түнде ауа температурасы +3+8 градус, күндіз сынап бағанасы +17+18 градусты көрсетеді.
Арайлым Тұрғынова, инженер-синоптик: «Шымкентте күндіз жауын болуы ықтимал. Желдің екпіні 20 м/сек. Түнде ауа температурасы +3+5 градус, күндіз +13+15 градус жылылықты көрсетеді».
Шынар Оразова