«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бағытында да жұмыс атқаруда.
Облыс орталығында бүгінде 12 әлеуметтік дүкен жұмыс жасайды. Онда үкімет бекіткен 19 маңызы бар азық-түлік өнімдері арзан бағамен сатылады. Жылдың соңына дейін олардың қатары тағы 3 дүкенмен толықпақ.
Әлеуметтік дүкендегі өнімдердің бағасы нарықтағы бағадан арзан. Мәселен, бөлке нан -78 теңгеден, құмшекердің келісі – 205 теңге, 1 сұрып ұнның келісі – 130,
Кәсіпкерлерге жеңілдетілген займ бір жылға беріледі. Оның үстеме пайызы 0,1 пайыз.
Ердәулет Лаханов, азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қоры департаментінің бас менеджері: «Бірінші интервенция арқылы, екіншісі кәсіпкерлерге жеңілдетілген займ беру арқылы. Бір жылға 0.1 пайызбен».
Бүгінде 133 млн. теңгені құрайтын 6 мыңнан астам тонна азық – түлік қоры жасалған. Жыл басынан 120 млн. теңгенің 832 тонна өнімі сатылыпты. Айта кететін жәйт, арзан бағадағы азық-түлік тауарлары Түркістан қаласы аумағындағы 12 әлеуметтік дүкеннен бөлек, шаһар аумағындағы елдімекендерге жеткізіліп, саудаланған. Қордағы өнімдер жаңаланып тұрады. Өйткені, өнімді жеткізу бойынша тауар өндірушілерімен алдын ала келісімшарттар түзілген.
Шынар Оразова