Түркістандағы Жібек Жолы көшесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

332

Түркістан қаласында биыл инфрақұрылымы яғни, газ, ауыз су, сарқынды су жүйелері толығымен аяқталған 106,3 шақырымды құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланса, оның 80-де асфальт жабындысы төселді.

Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолынан Майкөтов көшесіне дейінгі автожолдың жалпы ұзындығы – 6,5 шқ, оның 2,6 шқ бірінші аумағына жол негізі әзірленген. Ал, жүріс бөлігіне қара қиыршықты және ірі түйіршікті асфальт жабыны төселіп, науа және аяқ жол мен веложолдың жиектастары орнатылған.

Аталған нысанның 3,9 шқ (екінші аумағында) жол негізі әзірленіп, асфальт жабынды төселген.

Сондай-ақ, М.Абенов көшесінен Б.Саттархановқа дейінгі аралықты құрайтын Жібек Жолы көшесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған аумақ, екі жолақты жолдан 4 жолақты, ені 15 метр жолға кеңейтіліп, жол негізі толық аяқталған. Қазіргі таңда асфальт төсеу, аяқ жол мен веложол салу жұмыстары жасалуда.

Қаламыздың көшелерін жарықтандыру жұмыстары «Ақсемсер-Стройсервис» ЖШС мекемесі тарапынан жүзеге асуда. Серіктестік қаламыздың 123 көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізуде. Оның 81-і орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көше болса, қалған 42-сі өткен жылы жөндеу жүргізілген, жарықтандырумен қамтылмаған көшелер. Қазіргі уақытта 103 көше жарықтандырумен қаматамасыз етілген.