Мәжіліске және Мәслихатқа депутаттыққа үміткерлердің декларацияны тапсыруы барысында ең жиі қойылатын 7 сұрақ

148

Мәжіліске және Мәслихатқа депутаттыққа үміткерлердің декларацияны тапсыруы барысында ең жиі қойылатын 7 сұрақ

1 Сұрақ:

Декларация қайда, қай күнде және қай кезеңге тапсырылады?
Салық кезеңін қалай дұрыс көрсету керек: 11.2020 ж.», «01.11.2020 ж.», «2020 жылдың 10 айы үшін», немесе «2020 ж. қараша»? (өткен науқанның тәжірибесінде әр түрлі толтыру және әр түрлі оқылым болды)
Жауап:
Декларация депутаттыққа кандидаттардың тұрғылықты жері бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылады:
— Саяси партиялар мен мәслихаттар ұсынған ҚР Парламенті мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар мен олардың жұбайлары — 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша;
— Қазақстан халықтары Ассамблеясының Кеңесі ұсынған депутаттыққа кандидаттар мен олардың жұбайлары 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша;
Декларацияның 2 B ұяшығында 2020 жылды көрсету керек.
2⃣ Сұрақ:
Декларация қандай түрде тапсырылады (қағаз, электронды, декларация нысаны немен бекітілді)?
Жауап:
Декларация 3 тәсілмен тапсырылады:
1) қағаз түрінде – 2 данада жасалады, бір данасы декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) белгісімен және мөр (мөртабан) бедерімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз түрінде – жеткізуші — салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе басқа байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) Ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) Мемлекеттік кіріс органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама алады.
Декларация нысаны ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (МКК сайтында орналастырылған).
3⃣ Сұрақ:
Кім тексереді?
Жауап:
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді:
— ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидаттар бойынша — облыстық мемлекеттік кірістер департаменттері;
— Қазақстан Республикасының мәслихаттарына кандидаттар бойынша — аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары тексереді.
Сұрақ:
Нәтижесі қай мерзімде белгілі болады?
Жауап:
Саяси партия, мәслихат ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар бойынша — тіркелген сәттен бастап 15 күн ішінде тексерулер аяқталады.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттар бойынша — тіркелген сәттен бастап 3 күн ішінде тексерулер аяқталады.
5⃣Сұрақ:
Тексеру қорытындысы бойынша мәліметтер қандай түрде беріледі?
Жауап:
Тексеру аяқталғаннан кейін 1 күн ішінде сәйкессіздіктердің бар не жоқ екенін көрсете отырып, тексеру нәтижелері туралы ҚР ОСК-на ақпарат жіберілетін болады.
6⃣ Сұрақ:
Қандай жағдайда ақпарат жалған деп танылады? Дәлсіздік үшін жауапкершілік?
Жауап:
Егер декларацияда кірістер мен мүлік туралы мәліметтер толық көрсетілмесе немесе сомалар, саны, мүліктің атауы және т.б. бойынша алшақтықтар анықталса – бұл мәліметтер дұрыс емес болып есептеледі.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияларды және басқа да мәліметтерді қасақана ұсынбағаны немесе толық емес ұсынғаны үшін ӘҚБтК-нің 274-бабында 50 АЕК (138 900 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген.
7⃣Сұрақ:
Декларацияны толтыру кезінде Комитет қызметкерлерінің көмегі заңды ма?
Жауап:
Салық кодексінің 19-бабына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті.