Шымкент: Жаңадан 260 аялдама пайдалануға беріледі

128

Шымкентте жаңадан тағы 260 аялдама пайдалануға беріледі. Бұл үшін биыл бюджеттен 534 млн. теңге бөлінген болатын.

Жарты млрд теңгеден астам бұл қаржыға бұдан бөлек 145 ескі аялдама жөнделіп, қала сыртындағы елдімекендерге орнатылмақ.

Осылайша жыл соңына дейін жауаптылар қалада 400 аялдаманы жаңартуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, аталмыш қаржыға 319 шақырым аяқ жол құрылысы жүргізілуде.

                                                                                                Назерке Үкібасова