Түлкібастағы туннель құрылысы межеден кешігуде

290

Түлкібас ауданындағы жер асты өткелінің құрылысы белгіленген межеден кешігіп жатыр. Бұл туралы сағызша созылған жобаның жетекшілері мойындап отыр. Себебі жұмыстың бел ортасына келгенде төбесі опырылып түсіпті. Екі жақтама жер асты өткелі қашан ашылады?

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ баба ауылынының биігінде жүргізіліп жатқан қос тунелдің әрбірінің ұзындығы 1 шақырымға жуықтайды. Бұл құрылыстың басты мақсаты — қыс мезгілінде жолдың бетін қар басып қалмас үшін, яғни, жол қозғалысын жеңілдету үшін қолға алынған. Алайда, құрылысы 2019 жылы аяқталуы тиіс болған жоба тек келер жылы ғана ашылады деп күтіліп отыр.

Назим ГАДЖИЕВ, мердігер компания өкілі: «Жару жұмыстары кезінде айтарлықтай қиындықтар болды. Өткен жылы тунелдің бірінің төбесі опырылып түсті. Алайда, оқыс жағдай түнде болғандықтан ешкім зардап шеккен жоқ. Сондықтан уақытынан кешігудің бір себебеі осы болды. Бұндай жағдайлар таулы аймақта жұмыс істеген соң, болып тұрады».

Төбесі опырылып қалған жер асты өткелінің жұмысы 2017 жылы басталған. Ол кезде халықаралық тендерді ұтып алған ирандық компания жұмысты соңына дейін жеткізбей кетіп қалған. Ал кейін екінші рет тендер ойнатылып, ол кезде әзербайжандық компания жеңіп алған. Қазіргі уақытта жұмыстың жартысынан көбі аяқталып қалған. Ал екінші өткелде жару жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

Амангелді БЕКОВ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары: «2017 жылы «EVRASCON» жалпы құны 8,4 млр.д теңге болатын 840 метрлік қос жолды тунел құрылысын қайта құру бойынша жұмыстарды бастады. Ағымдағы жылы Ковид-19-ға байланысты шектеулер құрылыс барысына қатты әсер етті. Осыған байланысты жабдықтарды жеткізу, персоналдың жетіспеушілігі және қаржылық қиындықтар болды».

Келер жылдың басында бұл екі тунелдің бір беткейін ашу көздеп отыр. Ал, одан кейін жылдың ортасында толық тапсыру жоспарланған. Жобаның жұмысы аяқталған соң, компания өкілдері небәрі 2 жыл кепілдік береді екен. Негізінде бетонмен көмкерілген жер асты өткелі 100 жылға дейін шыдас беретін көрінеді.

Құрылысшылардың айтуынша, Қазақстандағы алғаш рет құрылысы жүріп жатқан бұл жер асты өткелі толық инженерлік инфраструктурамен жабдықталатын көрінеді. Төрт жолақты екі туннельдің биіктігі 9 метрді құрайды. Сәйкесінше, тунелден жүк көліктері де қатынай алады.

                                                                                                Ғалымжан Кенжебек