«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай шара өтті.
Басқосуда мемлекетіміздің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланғаны, елбасының еліміздегі кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге мемлекет болып танылуына сіңірген үлесі баяндалды. Сонымен қатар салтанатты шара барысында партия қатарына жаңа мүшелер қабылданып, белсенді партиялықтарға алғыс хаттар табыс етілді.
Бахадыр Нарымбетов, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Тұңғыш Президент күні мерекесінің мән-мағынасын жас ұрпаққа күнделікті айтуымыз керек».
Шынар Оразова