«Азат» елді мекенінің мәселелері партия назарында

59

 

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Асқар Молдабек, Асем Адильбекова және Сакен Жамашев бірігіп, қалаға жаңадан қосылған “Азат” елді мекенінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға “Nur Otan” партиясының алға қойған игі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

Сайлауалды бағдарламамен танысқан елді-мекен тұрғындары өңірдегі түйткілді мәселелердің де бар екенін жасырмады. Оларды шешу жөнінде талап-тілектерін жеткізді. Шаһарға жаңадан қосылған «Азат» елді мекенінде, медициналық орталық пен ойын алаңшалары тапшы екен. Сондай-ақ, елді мекен аумағында заңсыз жер иелену мәселесі де өзекті болып тұр. Кандидаттар аталмыш мәселелер партия назарына алынып, жуырда оң шешімін табатынын атап өтті.

Айта кетейік, қалалық Сайлауалды бағдарламаның бір бағыты – шалғайда орналасқан 40 елді мекеннің орталық көшелері мен әлеуметтік нысандарға баратын жолдарын жарықтандырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді