Úı Kompanııa jańalyǵy “Азат» елді мекенінің мәселелері партия назарында

“Азат» елді мекенінің мәселелері партия назарында

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Асқар Молдабек, Асем Адилбекова және Сакен Жамашев бірігіп, қалаға жаңадан қосылған “Азат” елді мекенінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындарға “Nur Otan” партиясының алға қойған игі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Сайлауалды бағдарламамен танысқан елді-мекен тұрғындары өңірдегі түйткілді мәселелердің де бар екенін жасырмады. Оларды шешу жөнінде талап-тілектерін жеткізді.

Шаһарға жаңадан қосылған «Азат» елді мекенінде, медициналық орталық пен ойын алаңшалары тапшы екен. Сондай-ақ, елді мекен аумағында заңсыз жер иелену мәселесі де өзекті болып тұр. Кандидаттар аталмыш мәселелер партия назарына алынып, жуырда оң шешімін табатынын атап өтті.

Айта кетейік, қалалық Сайлауалды бағдарламаның бір бағыты – шалғайда орналасқан 40 елді мекеннің орталық көшелері мен әлеуметтік нысандарға баратын жолдарын жарықтандырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.