Тәуелсіздік күні қарсаңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Тәуелсіз Қазақстандағы БАҚ рөлі» тақырыбында іс-шара өтті.
Кездесуге арнайы шақыртылған шаһардағы басылым мен телеарна басшылары журналистика мамандығын таңдаған жастарға бұқаралық-ақпарат құралдарының қызметі, жетістіктері мен қыр-сыры жайлы әңгімелеп берді.
Еліміздегі іргелі оқу ордасында журналистика мамандығы бойынша кадрларды даярлау қолға алынған. «Отырар», «Айғақ», «Оңтүстік» телеарналары, жергілікті басылым басшылары мен оқу ордасы арасында меморандумға қол қойылды. Енді болашақ журналистер аталған ақпарат құралдарында тәжірибеден өтіп, шыңдалатын болды.
Жастар сұрақтарына жауап алды. Айта кететін жәйт, басқосуға қашықтықта қатысқан студенттер де өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.
Шынар Оразова