Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2021-2022 жылдары жетінші сыныптарда оқу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын беру бойынша іріктеу конкурсын жариялайды.

НЗМ-ге оқуға түскісі келетін алтыншы сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 23 қаңтарға дейін мектептің қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және санитарлық талаптарды сақтау үшін ата-аналарға конкурстық іріктеуге құжаттарды тапсыру үшін мектепке баратын күні мен уақытын алдын ала брондауға мүмкіндік беретін онлайн-брондау сервисі құрылды.

Байқау және онлайн-брондау сервисі, қажетті құжаттардың тізімі туралы толық ақпаратты мектеп сайтынан «Үміткерлерге» бөлімінде алуға болады.

Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7252) 29-44-88.