Назарбаев зияткерлік мектептерінде ашық есік күні өтті

Назарбаев зияткерлік мектептерінде ашық есік күні өтті

Қазақстан аумағы бойынша төрт мыңнан аса оқушы Назарбаев зияткерлік мектептерімен таныса алды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикамызда бір мезетте барлық зияткерлік мектепте бірыңғай ашық есік күні өтті.

Назарбаев зияткерлік мектептерінде ашық есік күні өтті

Бұл күні Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы білім ошағының есігі қалалықтарға айқара ашылды. Қала мектептерінен 6-8 сыныптың 200-ден аса оқушысы мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан балалар арнайы шақырылды. Мұндағы мақсат – Назарбаев зияткерлік мектебінің жай- күйімен, тыныс-тіршілігімен, ондағы түрлі жобалармен және оқу бағдарламасының мүмкіндігімен таныстыру.

Ашық есік күнінде түрлі іс-шаралар өткізілді. Алдымен арнайы шақыртылған оқушылар мен ата-аналарға, ұстаздарға мектеп өмірі таныстыру мақсатында экскурция ұйымдастырылды. Түрлі ғылыми- зерттеу жобалар мен зертханалық сабақтардың жұмыстары көрсетілді.

Назарбаев зияткерлік мектептерінде ашық есік күні өтті

«Робототехника», «Авиамодельдеу» үйірмесіне қатысатын Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары өздері жасаған жұмыстарын таныстырып, оның жасаудың жолдары мен артықшылықтарын, роботтардың мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар балалар қыш, дизайн, домбыра үйірмелерінің дүниелерін тек тамашалап қана қоймай, өздері де жасап көрді. Әсіресе балаларды қыштан құмыра жасау сынды дүниелер қызықтырмай қоймады.

Күні бойы кітаптан бас алмай сабақ оқитын оқушылар үшін бір сәт сергіп алу артық болмайды дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан шара аясында жалпы орта және зияткерлік мектеп оқушыларының қатысуымен бірнеше минутқа созылған «Алға, Қазақстан!» жастар флешмобы өткізілді.

Бастысы, күні бойы мектепте оқу, тіркелу және ондағы мүмкіндіктер мен әлеуметтер, ерекшеліктер туралы ата-аналар мен оқушыларға кеңес беру орталықтары жұмыс жасады.