«Отырар» телеарнасының тілшісі Шынар Оразова мерекелік медальмен марапатталды.  Төсбелгі әріптесімізге «Кентау қаласының 65-жылдық» мерейтойына орай табысталды.

Шынар Боранбекқызының журналистика саласында жүргеніне 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта ол әлеуметтік мәселеден бастап, саясат, коммуналдық және ауыл шарушылығы тақырыптарын да кеңінен қозғап келеді. Ол қалам тербеген материалдар біраз тұрғынның мәселесін шешуге себеп болды. Халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған әріптесімізді алған марапатымен біз де құттықтаймыз!