ПАРТИЯ — КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫ ТОҚТАТПАЙДЫ

113

 

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады.

Бүгін «Лидер НК» ЖШС ұжымымен кездескен «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қыстаубаев пен Е.Құрбанбаев партияның сайлауалды бағдарламасында «Nur Otan» тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жасалған бағыттарды баяндады.

Өткен жылы аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалып, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Биылғы жылы орын алған, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: Сарыағаш ауданы бойынша емдеу-сауықтыру орталығы ретінде шипажайлар, емдік сауықтыру орталықтарының санын арттыруға;
Сарыағаш ауданында туризмді дамыту мақсатында орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санын ұлғайту мақсатында 2021 жылы 4 жоба, 2022 жылы 5 жоба, 2023 жылы 6 жоба, 2024 жылы 8 жоба, 2025 жылы 10 жобаны іске асыруға;

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, көктемгі егін жұмыстары және мал шаруашылығы субъектілерін 10%-ға арттырып, несиелендіру көлемін ұлғайтуға; Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 2021 жылы 3 жоба, 2022 жылы 5 жоба, 2023 жылы 7 жоба, 2024 жылы 10 жоба, 2025 жылы 12 жобаны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға; «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы 2021 жылы 5 жоба, 2022 жылы 8 жоба, 2023 жылы 10 жоба, 2024 жылы 15 жоба, 2025 жылы 20 жобаны іске асыруға;

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 2021 жылы 20 жоба, 2022 жылы 25 жоба, 2023 жылы 30 жоба, 2024 жылы 35 жоба, 2025 жылы 40 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) несиелендіруге; ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 50,0%-дан 2025 жылы 55,0%-ға жеткізуге ықпал етеді. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 93,0%-ға дейін артады, кәсіпкерлер саны 18,0 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер саны 40 мыңға жетеді.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді