Қаржы пирамидаларына ақшаларын құйып алданғандар…

158

Алаяқтық қылмыс түрлерінің бірі қаржы пирамидаларын құру. Оңай жолмен  табысқа кенелемін деген жерлестеріміз алаяқтардың құрығына түсіп, маңдай терімен жинаған ақшаларынан айырылуда.

Түркістан облыстық ішкі істер департаментінің мәліметіне сәйкес, биыл облыс аумағында қаржы пирамидасын құрудың 3 дерегі анықталған. Атап айтқанда, шамамен 1947 салымшысы бар «Gold Company LTD» (шамамен 597 млн. теңгеге шығын келтірген) және  650-ге жуық  салымшысы бар «Миллениум» (шамамен 1,755 млрд. теңгеге шығын келтірген) қаржы пирамидасын құрушылары құрықталып, қылмыстық істері сотқа жолданған.

Қазіргі таңда осы тәріздес «Indigo-24 Evolution» қаржы пирамидасын құрушылар анықталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Шынар Оразова