2021 жылдың І тоқсанында Ақсу ауылында Түркиялық инвесторлардың қатысуымен инновациялық жобаның іске қосылуы жоспарланып отыр.
Жобаны іске асырушы «CaPable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Шығаратын өнімі: «MADE IN KAZAKHSTAN» брендімен Балалар мен ересектерге арналған «Жөргектер мен майлықтар».
Жобаның құны 2,0 млрд.теңге. Қаржы құрылымы: 30% Түркияның «AROYAL ROYAL Hijyen A S» компаниясының және 70% «CaPable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қаржысы есебінен.
Жоба бойынша 60 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделген. Өндіріс қуаттылығы минутына 500-600 дана жөргек пен сулық шығарады. Бүгінгі күнге барлық технологиялық жабдықтар Түркиядан жеткізіліп, монтаждау жұмыстары басталды.