Сексеуіл мен шыршаның сатылуына тосқауыл қою мақсатында рейдтер жүргізілуде

286

 

Түркістан облысында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқан жапырақты ағаш түрлерін заңсыз сату саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес қылқан жапырақты ағаштарды қорғау бойынша мобильді топ құрылды. Топ құрамында «Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» және Түркістан ҚПБ ЖПҚ табиғат қорғау қызметкерлері болды.

Іс-шара барысында тексеруге шыққан полицейлер Түркістан қаласы аумағында орналасқан базарларда және сауда орындарында сексеуіл отындық ағашының және қылқан жапырақты ағаш түрлерін заңсыз сатылуын анықтауға бағытталған рейд жүргізді. «Қуаныш» орталық базары, «Жауғашты» базарларының ішкі және сыртқы аумақтарында бақылау-қадағалау жұмыстары атқарылды. Тексеру барысында сатушыларға және тұрғындарға сексеуіл ағашы мен қылқан жапырақты ағаш түрлерін сату заңсыз екені түсіндіріліп, үгіт-насихат жүргізіліп, жаднамалар таратылды.

Жоғарыда атап көрсетілген іс-шара өз жалғасын таба бермек. Сондықтан табиғатқа залал келтірмеңіздер. 1000 жыл өмір сүретін мәңгілік көгеріп тұратын ағаштарымызға жанашырлық танытайық!