Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Аманкелді көшесіндегі қайта құрудан өткен сорғы станциясының жұмысымен танысты. 1Д1250-63 маркалы сорғы станциясы өткен ғасырдың 1970 жылдары салынған. Өндірістік қуаттылығы – 1250 м3/сағ. Бір жылға 2162,16 мың кВт/сағ. электр қуатын пайдаланатын.
2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында сорғы станциясын қайта құру бойынша 438,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Мердігер «Кокше Строй Плюс» ЖШС-і шілде айында қайта құру жұмыстарын жүргізді. 2020 жылдың 15 қазанында құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанға «Wilo» маркалы сорғылармен тығындық арматуралар орнатылды. Бүгінгі таңда аталған нысан 15-18 пайызға электр қуатын аз пайдаланып, орталықтандырылған жылу жүйесінде сапалы қызмет атқаруда.
Жаңғырту жұмыстарымен танысқан қала әкімі «Қуат жылу орталық -3» мекемсінің басшысы Пердебай Сабитовке сорғы станцияларын автоматтандырылған жүйеге көшіру және жылу жүйелері бағытында жаңа заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.
Бүгінде Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде бірқатар нысандарды қайта құру, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, биыл Гагарин көшесіндегі сорғы станциясын қайта құру, Уәлиханов көшесіндегі K 1, Жанқожа батыр көшесіндегі К- 16, Жібек жолы көшесіндегі К-ЕДЖ сорғы станциясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 2020 жылы шаһарда магистральды жылу желілерін күрделі жөндеу, ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.