Су құбырының апатты жағдайы 20%-ға төмендеді

38

Биыл Шымкентте Су құбыры және канализация басқармасына тиесілі 1600 қарышты метр құбыр қайта құрудан өтіп жатыр. Ол үшін 110 млн теңге бөлінген. Қазір нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сондықтан мамандар атқарылған жұмыс барысын бақылап қайтты.

Шымкент қаласындағы 6 мөлтек ауданда су құбырын жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Соның бірі Сайрам шағынауданында орналасқан құрылыс нысаны. Мұндағы жұмыстың барысы 3 кезеңнен тұрады. 10 мыңға тарта адамды сапалы тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін резервуардың 60 пайызы аяқталды.

Сабыр Юлдашев, «Asia Stroy Energy” ЖШС-нің бөлім басшысы: «Резервуар салып жатырмыз. Мұнда 1000 кубтан-2000 кубқа дейін су сақталады. Сол арқылы Сайрам шағынауданы тұрғындарына су береді. Алла қаласа желтоқсан айында бітеді. 3 кезеңге 2,6 млрд. теңге бөлінген. Қазір 60 пайыз жұмысты бітірдік».

Қайнарбұлақ, Құрсай, Сайрам шағынауданы тұрғындары кестемен су ішіп отыр. Егер нысан құрылысы аяқталса, жергілікті халық сапалы ауыз суға толық қол жеткізеді. Мамандар жұмыс жоспар бойынша уақылы жүріп жатыр дейді.

Төлепбек Орынбасаров, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы: «Сайрам ауданында жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр. Ешқандай олқылық жоқ. Мұнда 8 ұңғыма бар. Соларды жөндеп, халыққа сапалы су беруге тырысып жатырмыз».

Қайта құру жұмыстары инвест бағдарлама негізінде атқарылып жатыр. Ол үшін 5 жылға 750 млн. теңге бөлінген. Бұл жоба қаладағы тозығы жеткен құбырлар көрсеткішін төмендету үшін маңызды. Сондықтан табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қалалық департаменті мамандары жұмыс барысына бақылау жүргізді.

Айсұлу Әлібекова, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Шымкентте Су құбыры және канализация басқармасына қаланың 56% құбыры тиесілі. Қазір соларға жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылып жатырмыз. Биыл су құбырларын жаңартуға 110 млн бөлінген. Оған 680 қарышты метр құбыр жөнделуі керек еді. Қазір көрсеткіш одан көп. 1600 қарышты метр жер жөнделді. Бұл да жақсы нәтиже».

Мамандар атқарылып жатқан жұмыстар тариф бағасына әсер етпейтінін жеткізді. Дейтұрғанмен қайта құру нәтижесінде су жүйесінің апатты жағдайы былтырмен салыстырғанда 20 пайызға төмендейді. Ал құбырлардың тозу деңгейі 4,6-дан 4,3 пайызға төмендеді