Түркістан: 5 жол учаскесі пайдалануға берілді

209

Түркістан облысының оңтүстігіндегі жолдар пайдалануға берілді. Жыл басында аймақтың бұл аумағында 6 нысан құрылысы басталған еді. Бүгінде оның 5-уі аяқталып, қолданысқа тапсырылды.

Нүктесі қойылған жұмыспен облыс әкімі арнай танысуға барды. болатын.

Түркістан облысының Жетісай мен Мақтаарал ауданына апаратын бұл жол құрылысы төтенше жағдайдан кейін басталған. Енді міне жарты жылдан астам уақыттан соң пайдалануға берілді. Жолдың облыстық қана емес, халықаралық маңызы да зор. Себебі, бұл бағытпен транзиттік көліктер де жүреді.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысының әкімі: «Былтырдан бастап үлкен жұмыстар жүріп жатыр бұл жерде. Ең біріншісі бұл аудандарда жол мәселесі. Жолдың былтырғы жылдың басында қанағаттанарлық жол 52 пайыз еді. 1 жылдың ішінде қаржы бөліп, республикалық жолдар бар, жергілікті жолдар бар, елдімекен көшелері бар 90 пайыз жол жақсы сапада деп айтуға болады».


Жалпы көктем басталғалы облыстың оңтүстік аумағында 6 жол нысанының жөндеуі басталды. Барлығы 1500 шақырымды алып жатқан жол ішінде елді  мекен бағыттары да бар. Ол үшін бюджеттен 54 млрд. теңге бөлінген. Осылай деген жауаптылар жыл соңына дейін 5 нысан құрылыс аяқталатынын айтады. Ал, Шардара мен Арысты жалғайтын жол келесі жылы бітеді.

Нұркен ӘЛМЕШ, Жетісай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: «Екі ауылда 15 көше толық жөнделді. Жолдар толық пайдалануға берілді. Облыстық бюджеттен 384 млн теңге бөлінген еді. Оған 130 көшеге тас төктік. Ағымдағы жөндеуден өткіздік».

Өңірдегі жол жөндеу жұмыстарының жоспары мұнымен бітпейді. Келесі жылы Түркістан, Шымкент, Сарыағаш айналма жолдарының құрылысы басталмақ. Жауаптылар құрылысы енді аяқталған жолдардың ақылы болуы мүмкін екенін де жасырмайды. Жалпы жоспар бойынша Қызылорда және Алматы бағытындағы жолдарда жүру алдағы 5 жылдан соң тегін болмауы мүмкін.

Назерке Үкібасова