Ағымдағы жылдың 10 айында Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларында 42 адам қайтыс болған.
Былтыр дәл осы мерзім аралығында да 42 адам көз жұмған болатын. Осы және өзге де мәселелер облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзышылықтың алдын алу ведомствоаралық комиссиясының отырысында талқыланды.
Республикалық маңызы бар күре жолда 68 жол-көлік оқиғасында 42 азамат қайтыс болған. Жол -көлік оқиғаларының басым бөлігінде жылдамдықты асыру фактісі тіркелген.
Шынар Оразова