Көлік утилизациясы қанша теңге төлейді?

7529
Concept Of Utilization Of Vehicles. Characters Work On Junkyard Sorting Old Used Automobiles And Piles Of Damaged Cars. Characters Dismantling Cars. Cartoon Linear Outline Flat Vector Illustration

2021 жылы АЕК мөлшерінің өзгеруіне байланысты толық жиынтықтағы ескі көлігін тапсырғандарға берілетін ақшалай өтемақы ұлғаяды.

2016 жылы басталған автокөліктерді утилизация бағдарламасы биыл 11 қаңтарда басталады. Ең алдымен Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Семей, Талдықорған, Тараз және Өскемен қалаларындағы қабылдау бекеттері жұмыс істейді. 18 қаңтардан бастап Ақтау, Ақтөбе, Атырау,Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл және Орал қалаларында қабылдау бекеттері ашылады. 1 ақпаннан бастап Алматы мен Шымкент қаласындағы екінші қабылдау бекеттерін жұмысын жалғастырады. Ел ішінде утилизацияға қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Қандай көліктерді өткізуге болады немесе оған қанша өтемақы төленеді? Қандай құжаттар қажет? Дәл осы сауалдарға Шымкент қаласының аймақтық менеджері Ерік Абылайұлы жауап берді.

СҰРАҚ: Ескі көліктер қалай бағаланады?
ЖАУАП: Бізде екі бағдарлама бойынша жұмыс жүргізіледі. Бірі «Сертификат» бағдарламасы, екіншісі – ақшалай өтемақы. Яғни, көлік иелері үшін таңдау бар. Егер «Сертификат» бойынша өткізетін болса, көлік жағдайына байланысты сертификат беріледі. Бұл арқылы жаңа автокөлік сатып алар кезде көліктің белгіленген құнынан осынша қаржы шегеріліп қалады. Яғни берілген сертификатпен отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлік сатып алуға болады. Сондай-ақ сертификаттың жарамдылық мерзімі тіркелген күннен бастап 12 ай. Ал ескі көліктерді қайта өңдеуге тапсырғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы көліктің жағдайына (толық жиынтық, толық емес жиынтық) сондай-ақ оның массасына байланысты есептеледі. 2021 жылы АЕК өзгеруіне байланысты ескі көліктерге де төленетін ақшалай өтемақы көлемі көбейді. АЕК 2917(2021ж)
Атап айтар болсақ;

Көлік санаты Берілетін Сомма

1.М1 Жеңіл көліктер – 210 024 тг
(сегіз орыннан аспайтын көлік құралдары) (72 АЕК толық жиынтық)

2. М2 Жолаушылар тасымалдау үшін -420 048 тг
Пайдаланылытын көліктер (144 АЕК толық жиынтық)
(Жүргізуші орнын қоспағанда 8-ден -367 542 тг
астам отыратын орны бар, 5 тоннадан (126 АЕК толық емес)
Аспайтын көлік құралдары)

3. М3 Жолаушылар тасымалдау үшін -630 072 тг
Пайдаланылытын көліктер (212 АЕК толық жиынтық)
(Жүргізуші орнын қоспағанда 8-ден -577 566 тг
астам отыратын орны бар, 5 тоннадан (198 АЕК толық емес жиынтық)
Аспайтын көлік құралдары)

4. N1 Жүк көліктері -210 024 тг- (72 АЕК толық жиынтық)
(Салмағы 1.3 тоннадан аспайтын -157 018 тг- (54 АЕК толық емес)
Көлік құралдары)

5. N1 Жүк көліктері -420 048 тг- (144 АЕК толық жиынтық)
(Ең жоғарғы массасы 3.5 тоннадан -367 542 тг-(126 АЕК толық емес)
Аспайтын жүк көлігі)

6. N2 Жүк көліктері -420 048 тг- (144 АЕК толық жиынтық)
(Салмағы 3.5 тоннадан асатын, -367 542 тг-(126 АЕК толық емес)
бірақ 12 тоннаға жетпейтін көлік)

7. N3 Жүк көліктері -630 072 тг-(216 АЕК толық жиынтық)
(Ең жоғарғы массасы 12 тоннадан асатын -577 566 тг-(198 АЕК толық емес)
Жүк тасымалдауға арналған көлік)

СҰРАҚ: Ескі көліктерді қайда апарып өткізуге болады?
ЖАУАП: Шымкент қаласында екі қабылдау бекеті жұмыс жасайды. Олар:
Түркістан обл. Ақсукент а. Қарабұлақ тасжолы, 95А ғимарат. Телефоны: +7 701 257 06 80
Түркістан обл. Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа ауылы, К.Мусаева көш, 43А жер сотығы
Телефоны: +7 778 711 11 60
Ескі көліктерді қабылдау 11-ші қаңтардан бастап, 2021 жылдың желтоқтоқсан айына дейін жалғасады. Дейсенбі мен жұма сағат 09:00-17:00 аралығында, ал сенбі 09:00-13:00 аралығында көрсетілген мекен-жайға келіп ескі көліктеріңізді өткізуге болады. Тек, жексенбі күні ғана жұмыс жасамаймыз.

СҰРАҚ: Көлік қабылдау барысында ескерілетін жағдайлар бар ма? Көлік маркасы, жылы? Жол апатына түскен немесе өртенген көліктер де қабылдана ма?
ЖАУАП: Жалпы бұл бағдарлама бойынша көліктің жылына, маркасына, сондай-ақ оның жағдайына қойылатын еш талап жоқ. Яғни, көлік апатты жағдайда немесе өртеніп кеткен болса да қабылдай береміз. Демек, сіздің үйіңізде тозығы жеткен кез келген көлікті өткізе аласыз. Ең бастысы қандай көлік болса да, онда көліктің негізгі детальдары өз орнында болуы тиіс. Мысалы, қозғалтқыш, беріліс қорабы, т,б

СҰРАҚ: Көліктерді өткізу үшін құжаты болуы міндетті ме?
ЖАУАП: Утилизацияға тапсырылатын көліктер бірінші кезекте ішкі істер органынан тіркеуден шығарылады. Ал тіркеуден шығару үшін міндетті түрде көліктің құжаты қажет. Яғни, басты талаптардың ішінде көліктің құжаты міндетті түрде болуы керек дегенді айтуға болады. Сол құжаттарды ІІО қабылдағаннан кейін көлікті жоюға жіберілетіндігі жөнінде анықтама береді. Сол анықтама құжат пен жеке кәулік (заңды тұлға болса сенімхат) және банктен есеп шот көрсетілген анықтамамен көлік қабылданады. Утилизацияға құжатсыз көліктер қабылданбайды.

СҰРАҚ: Ескі көліктерді жинаудағы басты мақсат не?
ЖАУАП: Жалпы, Утилизация сөзінің өзі «қайта пайдалану» деген мағынаны білдіреді. Яғни, ешкімге қажетсіз,босқа тұрған көліктерді зауытқа жіберіп қайта өңдеп шығару. Сондай-ақ ескі көліктер бара-бара қоқысқа айналуда. Басқалай айтқанда бұл қаламызды қоқыстан тазартуға да септігін тигізеді. Тұрғындардың жарамсыз көліктерін өткізіп, жаңа көлікпен жүруіне мүмкіндігі бар. Яғни, халық ескі көліктерін өткізу арқылы ақшалай өтемақы не сертификат алуларына әбден болады.

СҰРАҚ: Ескі көліктерін өткізуге келген азаматта қандай құжаттар болуы тиіс?
ЖАУАП: Жеке тұлғалар үшін:
–Ескі көлікті жоюға қабылдау жөнінде өтініш;
–Жеке бас куәлігінің көшірмесі(өтініш беруші ҚР резиденті болмаса паспорт көшірмесі);
–Банктік есеп шот бар екендігі туралы банктен анықтама;
–Автокөлік құралын жоюға рәсімделгені (тіркеуден шығарылды) туралы хаттаманың түпнұсқасы.
2020 жылдың 23 желтоқсанынан бастап утилизация уақытша тоқтатылған. Себебі 2020 жылғы жоспар мерзімінен бұрын орындалыпты. Жыл бойына 40 мың техниканы жоюға қабылданды.
Естеріңізде болса ҚР-ның энергетика министрлігінің бастамасымен, ӨКМ операторының қолға алуымен 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап көліктерді утилизацияға қабылдау бекеттері жұмысын бастаған.
Жылына 10 мың техника өткізіледі деп жоспарланған еді. Алайда араға 4 жыл салып ол көрсеткіш 4 есеге артып отыр. Демек, халық ескі көліктерін өткізуге қуана келетін болған. Айта кетейік, утилизация басталғаннан бері қабылданға көліктердің ең ескісі 1946 жылғы көлік болса, ең жаңасы 2014 жылғы екен.
Қазақстан автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, елімізде барлық типтегі 4 566 198 көлік бар. Олардың ішінде қолданыстағы жылы 20 жылдан асып кеткен і2 485 161 көлік . (2019ж бойынша) Утилизацияға өткізілген көліктердің орташа жасы 25-30 екенін ескеретін болсақ,бұл көрсеткіш өте жоғары. Ендеше ескі көліктеріңізді өткізіп берілген таңдау бойынша бірін таңдап не сертификат,не ақшалай өтемақы алуға асығыңыз.

Мөлдір Ибадуллаева

«Оңтүстік Рабат», №2, 14 қаңтар 2021 ж