2021 жылдың 3 қаңтарында Шымкент қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «Instagram» пабликтерінің бірінде жарияланған постқа және бейнежазбаға назар аударды, онда белгісіз әйел супермаркетке келушілердің заттарын сақтауға арналған арнайы жәшіктен құны 40 000 теңге тұратын жасыл пакетті ұрлап кеткен.

Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы, Жедел басқару орталығы және Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы мен бірлескен іс-қимылдарының арқасында, сондай-ақ азаматтық ұстанымды ұстанған қала тұрғындарымен бірлесіп қылмыс санаулы сағат ішінде ашылды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ №17 УПП-нің учаскелік инспекторлары күдіктіні полицияға жеткізді. Ол 1961 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады. Күдікті ұрлаған косметика жиынтығын сатып, ал түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Оның заңсыз іс-әрекетіне қатысты айғақ ретінде бейнежазба тәркіленді. Күдіктіге қатысты сотқа дейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын таңдалды.

Жәбірленуші азаматша Шымкент қаласының полицейлеріне жедел және кәсіби қызметі үшін алғысын білдірді.