Шымкентте күрделі жөндеуден өткен №1 қалалық емхана жақын күндері ресми түрде ашылады.

Әзірге мұнда бөлмелерді жабдықтау, емханаға тіркелген азаматтардың профилактикалық тексерістен өтуіне жағдай жасалуда. Пандемия өршіп тұрған кезде өткен жылдың маусымында басталған күрделі жөндеу жұмыстары желтоқсанда аяқталған. Мердігерлер құрылысқа бөлінген 473 млн. теңгені толық игерген. Ең бастысы жаңа үлгідегі емханада зертхана, ультрадыбыстық зерттеу, рентген бөлмелері тұрғындарды қабыладуға дайын.

Ирина Мазалова, қала тұрғыны: «Мен өзім көп жылдардан бері осы емханаға қараламын. Емханамыз ескі еді, күрделі жөндеуден өтті. Барлығы жаңаланыпты. Керемет. Мұндай емханада енді қызмет көрсету сапасы да жоғары болады деген сенім кәміл».

Шынар Оразова