МӘМС қолданушыларының саны 1 миллионнан асты

129

Медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған алғашқы жылы қолданушылар саны 1 млн артты. Бұл туралы қор басшысы Болат Төкежанов мәлімдеді. Жауапты сөзінше Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің алғашқы жылы пандемиямен тұспа-тұс келген.

Болат ТӨКЕЖАНОВ, МӘМС қорының басшысы: «Пандемия кезінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі күшейтілді, мобильді бригадалар құрылды, үйде күндізгі стационарлар ұйымдастырылды, қашықтан медициналық қызметтер көрсетіле бастады. Бұдан басқа, ПТР диагностикасының зертханалық қызметтерінің қуаты ұлғайтылды. Қор медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына қарамастан, бүкіл халық үшін осы көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етті».

Осылай деген жауаптылар жыл ішінде халыққа 215 млн-ға жуық қызмет көрсетілгенін айтады. Оның 110 млн. қабылдау болса, 65 млн. зертханалық қызмет және 11 млн. диагностикалық қызмет екен. Жүйе бойынша өткен жылы 578 мың адам емдеуге жатқан дейді жауаптылар.

    Назерке Үкібасова