Алтыншы шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары саны 29 болса, енді жетінші шақырылымда бір адамға толығып, 30 халық қалаулысы шаһардың дамуына ат салысады.
Айта кететін жәйт, алтыншы шақырылымдағы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатында депутаттардың саны 25 болған. Осы сайлаудан кейін, жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихатқа депутаттық мандатқа 31-і халық қалаулысы ие болады.
Алтыншы шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатында депутаттық корпус 37 халық қалаулысынан тұрған болса, енді жетінші шақарылымдағы қалалық мәслихатта олардың қатары 2 халық қалаулысымен толығып, 39-ға жетті.
Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатында 50 депутат болса, жетінші шақырылымда олардың саны 5 адамға кеміп, 45 халық қалаулысын құрайды.
Шынар Оразова