Шымкент: Электросиренаны қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі

170

Құрметті қала тұрғындары!
2021 жылғы 20 қаңтарда сағат 15:00-де Шымкент қаласында электросиренаны қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Үрейленбей, тыныштық сақтауды сұранамыз.

Электросирена «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы болып табылады және төтенше жағдайдың қауіпі немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін іске қосылады.

Бұл сигналды естіген кезде тұрғындар қол жетімді барлық ақпарат қабылдау құралдарын – телеарнаны, радионы міндетті түрде іске қосып, қалыптасқан жағдайда жасайтын іс-қимылдар туралы нұсқаулық алу қажет.