Электросирена іске қосылады

114

 

2021 жылғы 25 қарашада сағат 10.00-де Шымкент қаласы А.Диваев көшесіндегі Айбек атындағы №14 мектепте орналасқан құлақтандыру жүйесі жоспарлы тексеріледі. Бұл ретте электросирена іске қосылады.

Шымкент қаласының ТЖ департаменті азаматтардан үрейленбей, тыныштық сақтауды сұрайды.

Электросирена «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы болып табылады және төтенше жағдайдың қауіпі немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін іске қосылады.

Бұл сигналды естіген кезде тұрғындар қол жетімді барлық ақпарат қабылдау құралдарын – телеарнаны, радионы міндетті түрде іске қосып, қалыптасқан жағдайда жасайтын іс-қимылдар туралы нұсқаулық алады.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы