Шымкент қаласы әкімдігінің «№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-і туралы А.Б.Мамутованың бейнеүндеуіне қатысты төмендегіні мәлімдейміз.
2010 жылдан бері Шымкент қаласы әкімдігі «№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де қамқорлықтағы Батыршаева Толғанай Уәлиханқызы тұрып келген. Толғанай Уәлиханқызының анасы А.Б.Мамутова 13.11.2020 жылы Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына орталықтың жұмысына қатысты ауызша арызданған.
Ол 14.06.1992 жылы туған қызына жүктіліктің алдын алатын спираль құралын орталықтағы мамандар салғызғандығын алға тартқан. Бұл ауызша арыздан кейін шұғыл түрде Батыршаеваның анасымен бірге Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Б.Оспанова барлық мән-жайларды анықтау үшін орталыққа жетті. Тексеру барысында бөлім басшысының м.а. Б.Оспанова Т.У.Батыршаеваның жеке мұрағаттық деректерімен танысты.
Анықтау жұмыстары кезінде 2012 жылы гинеколог-дәрігердің жыл сайынғы профилактикалық тексеруінде қорғаншылықтағы Т.У.Батыршаеваның пәктігінің бұзылғаны туралы мәлім болды.
Шымкент қаласы полиция департаменті Тергеу басқармасының 2020 жылғы 19 қарашадағы қаулысымен Шымкент қаласы әкімдігінің «№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қамқорлықтағы А.Б.Мамутованың анасының өтініші бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілді.
Тергеу іс-шарасы аясында 2020 жылғы 19 қарашада қамқорлықтағыларға сот медициналық сараптамасы тағайындалды, оған қамқорлықтағының анасы А.Мамутова, Шымкент қаласының полиция департаменті Абай ауданының полиция бөлімінің қызметкері және интернаттың психиатр-дәрігері Г.Т.Айтмирзаева қатысты. Сонымен қатар, сот-психиатриялық, сот-биологиялық және кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалар тағайындалды. Мәселенің мән-жайы аталған сараптамалар қорытындысы шыққаннан кейін мәлім болатынын хабарлаймыз.